Тұрғындардың алтын бұйымдарын иемденгісі келген күдікті ұсталды
Белгілі болғандай, Тараз қаласы полиция бөліміне облыс орталығының тұрғындары арыз жазған. Айтуларынша, 2021 жылдың сәуір-тамыз аралығында бейтаныс әйел адам сенімге кіріп, ломбардқа алтын бұйымдарын уақытша өткізгені үшін ақшалай сыйақы беремін деп алдаған.
Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағымен (Алаяқтық) жүргізіліп жатыр. Мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға көрсетілген.
-->Белгілі болғандай, Тараз қаласы полиция бөліміне облыс орталығының тұрғындары арыз жазған. Айтуларынша, 2021 жылдың сәуір-тамыз аралығында бейтаныс әйел адам сенімге кіріп, ломбардқа алтын бұйымдарын уақытша өткізгені үшін ақшалай сыйақы беремін деп алдаған.