Әртүрлі

Жеке дәрігері экс-президенттің денсаулығы нашарлағанын айтты

Кипшидзе Грузиядағы адвокаттар мен оппозиционерлер сияқты оны шұғыл түрде азаматтық клиникаға жатқызу қажет деп санайды. Грузияның оппозициялық телекомпаниялары экс-президент жатқан түрмеге жедел жәрдем келгенін хабарлады. Арнайы пенитенциарлық қызмет бұл ақпаратты жоққа шығарып, Саакашвилидің денсаулығы қалыпты әрі медициналық қызметкерлердің үнемі бақылауында екенін атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, саясаткер реанимация бөлімінің жанындағы палатада. Денсаулығы нашарлаған жағдайда оған жедел көмек көрсетіледі.

Еске сала кетсек, Михаил Саакашвили 1 қазаннан бастап аштық жариялады. Содан кейін ол билік өзін азаматтық ауруханаға ауыстырса, аштық жариялауды тоқтатуға дайын екенін жеткізді.

Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталған болатын. Бұған дейін Грузияда оны банкир Сандро Гиргвлианиді өлтірді, депутат Валерий Гелашвилиді ұрды деген айыптаулармен сырттай соттады. Бірінші оқиғада Саакашвили 3 жылға, екінші жағдайда 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 2007 жылғы 7 қарашадағы оппозициялық митингті тарату, «Имеди» телекомпаниясының бағдарламасы және мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсау туралы істермен айналысты деген күдікке ілінді. Бұл істерді сот әлі де қарастырып жатыр.

Грузия билігі Саакашвилиді босатудан бас тартты. Премьер-министр Ираклий Гарибашвили экс-президент ұзақ уақыт түрмеде отыратынын, мерзімін толық өтейтінін мәлімдеді.

-->

«Бүгін ол төсектен тұра алмаған бірінші күн, өте әлсіз, тек жатыр. Оған камераға өзім бардым, өйткені жиналыс бөлмесіне түсе алмады. Сөйлегенде аздап қиналады», - деді дәрігер.