Әртүрлі

Биыл елордада 1 200-ге жуық мас жүргізуші ұсталған

Елордалық Полиция департаментінде «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мас күйінде көлікті басқарудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу» тақырыбында брифинг өтті.

Полиция департаменті елорда жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырады.

Сондай-ақ апаттық талдауды ескере отырып, бекеттердің орналасуына және саптық бөлімшелердің патрульдеу бағыттарына түзетулер енгізіледі.

Өткен кезеңде 130 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзғандардың жолы кесілді.

Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 1 181 жүргізуші ұсталды.

1 400-ден астам апаттық жағдайларды туғызу фактілерінің жолы кесілді. 16 653 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Мектептердің (5 036) және мектепке дейінгі мекемелердің (874) қамтылуымен онлайн және офлайн режимде балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша дәрістер ұйымдастырылды.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Мас жүргізуші – қылмыскер», «Автобус», «Назар аударыңыз бағдаршам», «Назар аударыңыз, балалар», «Қауіпсіз жол» және т.б. жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Мәселен айта кетсек, жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында осы жылдың 8-17 қарашасы аралығында қала аумағында «Қауіпсіз жол» атты республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жол жүру ережелерін қадағалау кезінде жол жүрудің апаттық жағдайына әсер ететін өрескел бұзушылықтарға сондай-ақ жаяу жүргіншілермен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің алғашқы екі күнінде департамент қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 436 дерегін анықтады.

20 көлікті мас күйінде басқару;

апатты жағдай тудырғаны үшін 19 бұзушылық анықталды;

33 қарама-қарсы бағытқа шығып кету;

37 бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту;

238 жаяу жүргіншілердің жолдың жүру бөлігін кесіп өту сынды фактілер анықталып, барлығы 82 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды.

«Қауіпсіз жол» атты жедел-алдын алу шарасы аясында автошеру ұйымдастырылды.

-->