Әртүрлі

Елордада 40-тан астам арнайы техника сатып алынды

Шенеуніктің айтуынша, бүгінде елорданың төтенше жағдай қызметі қыс мезгіліне толық дайын.

-->

«Бүгінде елордада қысқа дайындық жұмысы тағы бір пысықталып жатыр. Тиісті техника мен мамандар да дайындық үстінде. Жалпы маман мен техника жеткілікті, төтенше жағдай туындағанда қосымша күш жұмылдырылады. Бүгінде елорданың төтенше жағдай қызметінде 50-ден астам қар тазалайтын көлік бар. Бұдан бөлек, биыл тағы 40-тан астам арнайы техника сатып алынды. Сондай-ақ, жеке құрамның да жыл сайын қатары артып келеді. Мамандардың біліктілігіне де аса мән беріледі», - деді Ермек Қизатов.

Шенеуніктің айтуынша, бүгінде елорданың төтенше жағдай қызметі қыс мезгіліне толық дайын.

«Қыстыгүні төтенше жағдайға тап болған жандарға кешенді көмек көрсетіледі. Бұл жерде алдымен адамдар құтқарылады, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Жолда қалған болса, жылы киім мен тамақ ұсынылады. Сонымен қатар жолда қалған көлікті жеткізу қызметі де бар», - дейді ол.