Әртүрлі

Елімізде жүрген ресейлік нөмірлі 606 көліктің қылмысқа қатысы бар

Заң бойынша еш жерде тіркелмеген көлікті жүргізуге тыйым салынатындықтан, полиция қызметкерлері оларды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. ІІМ өкілдерінің айтуынша, Ресейде тіркеуде бар, Қазақстанда жүру мерзімі өтпеген көліктердің қозғалысына кедергі жасалмайды. Дегенмен кейбір көлікке Ресейде іздеу жарияланған.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Ресей номерімен жүрген 100-ден астам автокөлік иелері әкімшілік полиция ғимаратының алдына жиналып, көлікті тіркеу ақысын арзандатуды талап еткен болатын.

-->

«РФ Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан аумағына шығарылған 606 көлікке іздеу жарияланған. Яғни бұл автокөліктердің қандай да бір қылмысқа қатысы бар. Біз оларды да іздестіріп жатырмыз. Қазір 200-ден астамы табылып, айып тұрағына жеткізілді. Алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресейдің Ішкі істер министрлігімен ортақ база құрып, ол елде тіркелмеген көліктерді онлайн тексеретін жүйе жасаймыз. Сондықтан тұрғындарды автокөлікті тікелей иесінен алып, өз атына заңды түрде тіркеуге шақырамыз. Ал үшінші тұлғалардан сақтандыру полисі арқылы алған азаматтар кейін шығынға ұшырап қалуы мүмкін», - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Ресей номерімен жүрген 100-ден астам автокөлік иелері әкімшілік полиция ғимаратының алдына жиналып, көлікті тіркеу ақысын арзандатуды талап еткен болатын.