Әртүрлі

Электрондық еңбек биржасында маусымдық мамандықтарға сұраныс байқалды

Жалпы, ЭБТ-дағы сұраныс еңбек нарығындағы маусымдық қажеттілікті байқатуда, ал ұсыныс үнемі жұмыс іздеп жүрген мамандарға қатысты болып отыр. Мәселен қазан айында от жағушыларға қажеттілік сақталғанымен, заңгерлер, қаржыгерлер мен мал өсірушілер сол бұрынғыдай жұмыс іздеуде.

Өңірлер тұрғысында қазан айында ЭБТ-да жаңа қызметкерлерді іздеуде Түркістан облысының жұмыс берушілері белсенділік танытты (барлық бос орындардың 14%). Сондай-ақ жаңа кадрларға деген жоғары қажеттілік Шымкент (11%), Алматы (10%) және Нұр-Сұлтан (9%) қалаларында байқалды. Бұл ретте өткен айда Шымкент қаласында 3,6 есе аз бос жұмыс орны орналастырылды. Ал Алматы облысында, керісінше, жұмыс туралы ұсыныстар саны 2 есеге (-51%) қысқарды.

Жалақыға келетін болсақ, ол аймақтар пен мамандыққа қатысты өзгеруде. Мысалға ең көп еңбекақы Атырау облысында ұсынылып, онда қазан айында айына 1,2 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін жалақысы бар 11 бос лауазым ашылды. Жұмыс берушілер жобалардың басшылары мен менеджерлеріне, базалық техникалық қызмет көрсету жөніндегі үйлестірушілерге, бас инженерлерге (өңдеу өнеркәсібінде), механик-инженерлерге, конструктор-инженерлерге, программист-инженерлерге, жабдықтарды жинақтау және телекоммуникация саласындағы техникалық қолдау жөніндегі инженерлерге осындай табыс деңгейін ұсынуда. Жалпы, Атырау облысы өңірлер арасында жалақы көлемі бойынша көшбасшы болып табылады, онда жалақының орташа деңгейі ағымдағы жылдың 3 тоқсанындағы жағдай бойынша 419,1 мың теңгеге тең.

Атырау облысымен қатар, ЭБТ-да, салыстырмалы түрде жоғары еңбекақысы бар бос жұмыс орындарын өндірістік Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан мен Алматы сынды ірі қалаларда табуға болады, мұнда еңбек ақысы 600 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі аралықты межелеуде.

Сонымен бірге, қазан айында біліктілігі жоқ жұмысшылар үшін ұсынылатын еңбекақы (29,3 мың бос жұмыс орны) ел бойынша 58,1 мың теңгені құрады. Ал білім беру саласының қызметкерлері үшін (8,8 мың бос жұмыс орны) ҚР бойынша ұсынылатын орташа жалақы 86,4 мың теңгеге тең. Қазақстандық жұмыс берушілер құрылысшыларға айына 94,8 мың теңге төлеуге дайын, оларға 6,4 мың бос жұмыс орны ұсынылды.

Денсаулық сақтау кадрларына деген қажеттіліктің артуына байланысты дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысы жоғары, онда 3,1 мың бос орынға орта есеппен 114,9 мың теңге ұсынылды. ЭБТ-да жұмыс берушілер көрсеткен орташа еңбекақы денсаулық сақтау мамандарына қарағанда тек жоғары буын басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар, заң шығарушылар мен мемлекеттік қызметшілер үшін – 172,3 мың теңге (1 мың бос орын), өндіріс және сервистік қызметтер саласындағы корпоративтік сектордағы мамандандырылған бөлімшелердің басшылары (басқарушылары) үшін – 166,1 мың теңге (1,8 мың бос орын) және ғылым (статистика) мен техника саласы мамандары (өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженерлері, инженер-сметашылар) үшін – 145,7 мың теңге (2,3 мың бос орын) жоғары.

Осылайша, ЭБТ деректері бойынша, бір жағынан, еңбекақы мөлшері әлеуетті ізденушілердің біліктілік деңгейіне сәйкес келеді, ал екінші жағынан салалар бөлінісінде сәйкессіздік байқалады. Бұл олардағы еңбек өнімділігіне байланысты болса керек. Тиісінше, жоғары өнімді өнеркәсіптегі төлем деңгейі (1 жұмыспен қамтылғанға жалпы қосылған құн – 9 240,6 мың теңге) білім беруге (1 253,6 мың теңге) немесе денсаулық сақтауға (1 538,9 мың теңге) қарағанда айтарлықтай жоғары.

-->

«Өткен айлармен салыстырғанда қазан айында мұғалімдер мен сұхбат алушыларға сұраныс төмендеді. Сонымен қатар, ЭБТ-да құрылыс саласының қызметкерлері – арматурашылар мен бетоншылар үшін бос жұмыс орындарының саны артты. Оларға жалпы қажеттілік қазан айында 2,2 мың бос орынды құрап, өткен айға қарағанда 1,8 мыңға артық болды. Тиісті бос жұмыс орындарына деген сұраныстың артуы, Атырау облысын мысалға алсақ, жалақыны 500 мың теңгеге дейін ұлғайтуға түрткі болды», – деді ЕРДО атқарушы директоры Александра Молчановская.

Өңірлер тұрғысында қазан айында ЭБТ-да жаңа қызметкерлерді іздеуде Түркістан облысының жұмыс берушілері белсенділік танытты (барлық бос орындардың 14%). Сондай-ақ жаңа кадрларға деген жоғары қажеттілік Шымкент (11%), Алматы (10%) және Нұр-Сұлтан (9%) қалаларында байқалды. Бұл ретте өткен айда Шымкент қаласында 3,6 есе аз бос жұмыс орны орналастырылды. Ал Алматы облысында, керісінше, жұмыс туралы ұсыныстар саны 2 есеге (-51%) қысқарды.

«Сонымен қатар, ЭБТ-дағы әрбір бесінші бос жұмыс орнын қазан айында жеке кәсіпкерлер жариялады, оның ішінде бос орындардың 62%-ы 3 аймаққа - Қостанай және Түркістан облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына тиесілі», - деп толықтырды Александра Молчановская.