«Қазына қамбасы»: еліміздегі дата-орталықтар қалай жұмыс істейді
Дата-орталықтар не үшін керек?
Соңғы екі жылда адамзат дәл қазір жер бетінде бар ақпараттың 90%-ын жасап шығарды. Оның ішінде триллиондаған гигабайт музыка, мәтін, видео, мына сіз бен біздің күнделікті өмірде бір-бірімізбен алмасатын ақпараттың бәрі бар. Енді осы дүйім деректі бір жерде сақтау керек қой. Сол үшін бізге дата-орталықтар аса қажет.
Сіз көлігіңізді кілтімен бірге ашық қалдырып немесе ақша толы әмияныңызды орындықта тастап кетпейсіз ғой?! Дәл сол секілді, компаниялар да өз деректерін күзетсіз, қараусыз қалдыра алмайды. Оның бәрін жеткілікті дәрежеде қорғау әдетте компанияларға қымбатқа түседі. Сондықтан қазіргі таңда өзіңнің серверлік бөлмеңді жасақтап, оған қызмет көрсететін білікті жұмысшыларды іздегеннен гөрі коммерциялық дата-орталықтарға жүгінген әлдеқайда тиімді.
Қазақстанда қандай дата-орталықтар қарқынды дамып келеді?
Деректерді сақтау және өңдеу көлемінің артуы, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жасанды зерденің белсенді түрде дамуының арқасында дата-орталықтарға деген сұраныс әлемде, оның ішінде Қазақстанда да жоғарылап келеді. Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші ірі компания өзінің инфрақұрылымын бұлттарда сақтап, бұлт қызметтерін жалдайды. Дата-орталықтар санының көбеюіне ең алдымен мемлекет («Цифрлы Қазақстан», «Қазақстанның киберқалқаны» бағдарламалары) пен цифрлық трансформацияға жауапты квазимемлекеттік орталық ықпал етіп отыр. Айтпақшы, еліміздегі дата-орталықтардың шамамен 90%-дайы Нұр-Сұлтанда орналасқан.
Қазір отандық нарықта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ көш бастап келеді. Бұлармен қоса «Транстелеком» АҚ-ның да қарқынын ерекше атап өтуге болады. Аталмыш компания былтырдан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбек, Орал, Жезқазған, Қарағанды және Қызылорда қалаларында 9 дата-орталық салды. Ондағы 700 бағанға 25 мың сервер орнатуға болады.
Дата-орталық қандай қызмет түрлерін көрсетеді?
Еліміздегі жетекші ІТ-сарапшылардың бірі, «Транстелеком» АҚ стратегиялық жобаларды дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ғазиз Дөненбай ұсынған мәліметке сүйенсек, отандық нарықта үш қызмет, атап айтсақ, виртуалды дата-орталық (IaaS) пен құрал-жабдықты жалға алу, бағандарды жалға алу, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы жалға алу (SaaS) жоғары сұраныста. Одан бөлек, шағын компаниялар бұлт қызметтерін де жиі пайдаланады. Ірі ұйымдар болса colocation мен dedicated server қызметтерін құп көреді. Сolocation дегеніміз – ІТ-жабдықты орналастыру үшін дата-орталықтағы кеңістікті (телекоммуникациялық шкафты) жалға алу қызметі. Телекоммуникациялық шкафта сервер, маршрутизатор, коммутатор секілді ІТ-жабдықтарды қолайлы әрі қауіпсіз түрде орналастыруға болады. Әдетте мұндай бағандардың қалыпты өлшемі – 42 юниттік 19 дюйм. Нұр-Сұлтандағы ТТС дата-орталығында – 105 шкаф, Алматыдағы орталықта – 87, ал басқа қалалардағы орталықтарда 96 шкаф бар.
Дата-орталықтың қауіпсіздігі қалай сақталады?
Нұр-Сұлтандағы дата-орталық TIER III стандарты бойынша сертификатталған. Аталмыш стандартқа сәйкес, дата-орталық жеткілікті деңгейде қорғалған әрі жабдықталған болуы керек. Яғни ғимараттағы құрылғылар тұрақты түрде электр желісі мен интернетке қосулы әрі салқындатылып отырады. Ал серверлер хакерлердің де, рейдерлердің де шабуылдарынан қорғаулы болады.
ТТС мәліметіне сүйенсек, 96 бағаннан тұратын бір дата-орталық сағатына 2 мегаватт электр энергиясын тұтынады.
Дата-орталықтың өзі жабық нысан болып саналады. Яғни ғимарат тұрмақ оның аумағына алдын-ала тіркеусіз ешкім аяқ баса алмайды. Әр дата-орталықта 120-дан аса бейнебақылау камерасы, аймақтық қолжетімділікті бақылау жүйелері, әскериленген күзет қойылған. Бағдарламалау деңгейіндегі қауіпсіздік те жеткілікті деңгейде сақталады: қызметкерлер тұрақты түрде оқытылып отырады, процестер мен регламенттер халықаралық талаптар мен әдістерге сәйкес жүргізіледі. Бұдан бөлек, киберқауіпсіздікке де баса көңіл бөлінген: орталықтың өз SOС-ы (24/7 режимде жұмыс істейтін акредиттелген ақпараттық қауіпсіздік орталығы), құрылғыларға авторизацияланған қолжетімділік, желіаралық экрандар, әртүрлі киберқатерлерден қорғаныс өз деңгейінде жұмыс істеп тұр.
Ботакөз МАРАТҚЫЗЫ
-->

«Егер мұнда әлдене бола қалса, барлық дата-орталықтың арасында байланыс бар, сол арқылы архивтеу процесі жүреді. Қандай апат болса да деректер өмір сүре береді. Тіпті бірде елорданың сол жағалауында 38 сағатқа электр энергиясы істен шығып қалған кезде де біздің астаналық дата-орталық тоқтаусыз жұмыс істеді», – дейді ТТС серверлік жүйелерді әкімшілеу бағытының жетекшісі Тілек Адамжанов.