ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады
ДДСҰ "Covaxin" вакцинасын 18 жастан асқандарға екі дозасын төрт апталық интервалмен салуға кеңес береді.
Bharat Biotech компаниясы өткізген клиникалық зерттеулердің үшінші фазасы вакцинаның COVID-19-ға қарсы тиімділігі 77,8% екенін көрсеткен. Ал коронавирустың ауыр формасына қарсы тиімділігі 93,4%, ауру белгісі байқалмайтын науқастарда 63,6% көрсеткен. Препараттың "дельта" штамына қарсы тиімділігі дәл осындай болған.
"Covaxin" 16 мемлекетте тіркелген, 50 елде вакцинаны мақұлдау процесі жүріп жатыр. Үндістанда компания вакцинаның өндірісін төрт нысанға бөлген. Жылдық өндірісті 1 млрд дозаға жеткізу мақсатында әрі қарай да ұлғаюды жоспарлап отыр.
Препаратты жүкті әйелдерге қолдануға болмайды, себебі зерттеу нәтижелері бұл үшін әлі жеткіліксіз.
-->"ДДСҰ төтенше жағдайда Bharat Biotech компаниясының "Covaxin" вакцинасын қолдануға рұқсат берді. ДДСҰ құрған сарапшылар тобы бұл вакцинаның COVID-19-дан қорғау бойынша барлық стандарттарға сай келетінін атады. Сонымен қатар вакцинаның пайдасы келер қауіптен жоғары болғандықтан, барлық әлемде қолдануға болады", - деп жазылған ұйымның Twitter-дегі жазбасында.