Алматы облысында төбеттер мен қасқырлар таласты
Кадрдан бес-алты қасқырдың екі итті қуып келе жатқанын көруге болады. Видео авторына жақындаған сәтте иттер жабайы жыртқыштармен алыса түседі.
Кейін «Табиғат» аңшылар қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, жануарларға қатысты бұл оқиға қараша айының басында, Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы таулы аймақта болған.
Мамандардың айтуынша, бұл жерде шабуылдың басты нысанасы сиырлар болған. Бірақ оларды екі төбет қорғап тұрған. Сондықтан қасқырлар иттерді басқа жаққа алып кеткісі келген. Бұл жабайы жыртқыштардың тактикасы.
-->Кадрдан бес-алты қасқырдың екі итті қуып келе жатқанын көруге болады. Видео авторына жақындаған сәтте иттер жабайы жыртқыштармен алыса түседі.
Кейін «Табиғат» аңшылар қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, жануарларға қатысты бұл оқиға қараша айының басында, Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы таулы аймақта болған.
«Бейнежазбаны қойшы түсірді. Бұл шын мәнінде қасқырлардың шабуылы емес. Иттерді бір-бірінен ажыратып алу үшін жасалған «жалған шабуыл» әдісі. Бейнежазбадан қасқырлардың агрессивті түрде шабуылдамағанын көруге болады. Оның үстіне ол жерде адам болды. Ал қасқырлар өте ақылды жыртқыштар. Олар адамның көзінше ашық шабуыл жасамайды», - деді Айтуар Туғанбеков.