Әртүрлі

«QazVac» пен «Sputnik-V» вакциналарын салдырғандар АҚШ-қа кіре алмайды

«Дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-тың тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитариялық қадағалау басқармасы («FDA») немесе ДДСҰ мақұлдаған COVID-19-ға қарсы екпе алғанын растайтын сертификаты бар адамдарға ғана Солтүстік Америка аумағына кіруге рұқсат етіледі. Бекітілген тізімге «Pfizer-BioNTech», «Moderna», «Johnson&Johnson», «AstraZeneca», «Covishield», «BIBP/Sinopharm», «Sinovac» секілді вакциналар кіреді», - делінген министрліктің хабарламасында.

Сыртқы саяси ведомствода сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша рәсімделуі тиіс екені айтылған. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын әуекомпания қызметкерлері тіркеу кезінде алдын ала тексереді.

Жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, екпе салдыртуға қарсы көрсетілімдері барларға, сондай-ақ, дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

-->