Елорда тұрғыны жалған долларды ұтыс ойындарына тіккен
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктінің сыбайласы да ұсталды.
Агенттік жалған банкноттарды анықтаған кезде дереу сенім телефонына хабарлауға шақырады +7 7172 708 478.
-->Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктінің сыбайласы да ұсталды.
«Биыл 28 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған доллар өткізу кезінде астана тұрғынын ұстады. Тергеу барысында бірнеше рет номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын жалған купюраларды спорттық ойындарға ұтысқа салғаны анықталды. Сондай-ақ оның екі сыбайласы ұсталды. Олардың үйінен жалған 7,6 мың доллар анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу соты жоғарыда аталған тұлғаларға 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.
Агенттік жалған банкноттарды анықтаған кезде дереу сенім телефонына хабарлауға шақырады +7 7172 708 478.