Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында әуе рейстері жанданады
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.
Нәтижесінде "Эйр Астана" әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.
-->Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.