Әртүрлі

Балаларға «Sputnik-V» вакцинасы салынатыны рас па?

Министрліктің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті өкілдерінің мәліметінше, күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ.

Бұған дейін «Sputnik-V» әзірлеушісі коронавирусқа қарсы балаларға арналған вакцина тіркелгенін жариялаған болатын. Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург қазір мамандар дәріге фармакологиялық сараптама жүргізіп жатқанын айтты. Гамалея орталығы әзірлеген балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина «Sputnik-M» деп аталуы мүмкін.

-->

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында «Sputnik-V» вакцинасымен балаларды вакциналауға қатысты ресми деректер жоқ. Сонымен қатар «Pfizer» шығаратын вакцинаны жеткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау үшін елге барлығы 4 миллионға жуық доза жеткізіледі. Бұл 2 миллион адамды вакциналауға жеткілікті», - делінген Дәрі-дәрмек саясаты департаменті таратқан ақпаратта.