Ауылдағы атыста 5 адам жараланып, біреуі қаза тапты
Ресми ақпаратқа қарағанда, 30 қазан күні кешке Атырау облысының Қызылоқоға ауданына қарасты Сағыз ауылының жанындағы Атырау-Ақтөбе тас жолының бойында төбелес болып, оқ атылған. Соның салдарынан 5 адам жараланып, 1985 жылы туған азамат Сағыз ауылының амбулаториясында қайтыс болған.
Ал департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев ресми мәлімдемесінде Сағыз ауылында жағдай тұрақты, тұрғындар арасында жаппай толқу жоқ екенін, полиция осы ауылда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.
-->Ресми ақпаратқа қарағанда, 30 қазан күні кешке Атырау облысының Қызылоқоға ауданына қарасты Сағыз ауылының жанындағы Атырау-Ақтөбе тас жолының бойында төбелес болып, оқ атылған. Соның салдарынан 5 адам жараланып, 1985 жылы туған азамат Сағыз ауылының амбулаториясында қайтыс болған.
«Оқиға орнында Атырау облысы Полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ҚК 99-бабының 2 бөлігі бойынша («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды»,- деп мәлімдеді баспасөз қызметі.