Әртүрлі

Пандемия әлі жалғасуы мүмкін

Ұйым басшысының айтуынша, пандемия бетінің қайтпауына негізінен онымен күрес құралдарына деген қолжетімдіксіздік себепші болып отыр.

Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустың айтуынша, инфекциямен күрес құралдары әлі күнге дейін әділ бөлінбей келеді. Соның салдарынан індетті жеңу мүмкін болмай тұр. Бүгінде әлемде 245 миллиондай адам ковид жұқтырса, оның 5 миллионға жуығы қайтыс болды.

Ұйымның Еуропалық бюросының басшысы Ганс Клюге былтырғы шектеулерден миллиондаған бала психикалық және әлеуметтік тұрғыдан зиян шеккенін айтады. Ол биылғы қыста өткен қателіктерді қайталамауымыз керек деп қазірден ескертіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індет қатты таралғанның өзінде мектептерді жапқанның орнына, арақашықтық ұстану, қолды жиі жуу, маска тағу, сыныптарды желдету сияқты санитарлық талаптарды сақтау анағұрлым пайдалы деп есептейді.

-->

«Бүгінде біз COVID-19 вирусымен күрес жүргізуді жоспарлау үшін жаңа бюджетті жариялап отырмыз. Елдерге вируспен күрес жүргізу жолында үлкен мақсаттарға қол жеткізіп, қажетті құралдар ұсыну үшін алдағы 12 айда 23,4 млрд доллар қаражат керек. Бұл бастаманы толық қаржыландыру – ДДҰ стратегиясының, даярлық және елеу жоспарының, пандемияны бақылауға алу бойынша бәрін қамтитын жоспарымыздың маңызды бөлігі», - деп атап өтті Тедрос Аданом Гебрейесус.