Қарағанды тас жолында автобус өртеніп кетті
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Ал өртенген автобустың суреті Instagram-дағы karaganda.city парақшасына жарияланды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.
-->Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Ал өртенген автобустың суреті Instagram-дағы karaganda.city парақшасына жарияланды.
«31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында «Қарағанды-Егіндібұлақ» тас жолының 30-шақырымында автобустың өртенгені туралы хабарлама келді. Автобустың өртенген жалпы аумағы – 24 шаршы метр. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген ТЖД хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.