Toyota 2022 жылдан бастап алғашқы электромобилін сатылымға шығарады
Toyota bZ4X деп аталатын кроссовер 2022 жылдың ортасынан бастап Жапония, Солтүстік Америка, Қытай және Еуропаның бірқатар еліне жеткізіледі.
Компания өкілдері әзірге көліктің бағасын жарияламады. Бір рет қуатталған бұл көлік шамамен 500 шақырым жолды жүріп өтеді. 30 минут ішінде батареяны 80%-ға қуаттауға болады.
Компания 2025 жылға қарай 15 модельден тұратын электромобильдердің жаңа топтамасын дайындамақ. Toyota bZ4X – осы топтаманың алғашқы моделі.
Өткен жылдың соңында Жапония үкіметі парниктік газдар шығарындыларын азайтудың жаңа жоспарын мақұлдады. Бұл ел 2030 жылдардың ортасына қарай бензин және дизельмен жүретін көлік өндірісінен бас тартпақ.
-->Toyota bZ4X деп аталатын кроссовер 2022 жылдың ортасынан бастап Жапония, Солтүстік Америка, Қытай және Еуропаның бірқатар еліне жеткізіледі.