Жыл басынан бері елордада коронавируспен күреске 35,38 млрд теңге жұмсалды
Оның айтуынша, КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге келіп көрсетілетін медициналық көмекке – 1,88 млн теңгені құрап, 60 адам емделген.
-->“Елорда бойынша 2021 жылғы 9 ай ішінде коронавирустық инфекциямен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыру 35,38 млрд теңгені құрады. Атап айтатын болсақ, медицина қызметкерлеріне үстемеақыға – 17,38 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге 13,75 млрд теңге жұмсалды. Ал карантиндік және инфекциялық стационарларға 42,7 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды”, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның айтуынша, КВИ таралуын болдырмау үшін стационар аясында үйге келіп көрсетілетін медициналық көмекке – 1,88 млн теңгені құрап, 60 адам емделген.
“ПТР диагностика қызметіне – 3,41 млрд теңге бөлініп, 482,1 мың ПТР-тест жасалды. Мобильді бригадалардың шығуына – 838,73 млн теңге, 145,5 мың шақыртуға жұмсалды”, - деп атап өтті филиал директоры.