Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы суицид жасады
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, «Гарри Поттер» тақырыбындағы балға аталмыш мектептің 8-сынып оқушысы әзіл ретінде белдемше киіп келеді. Оның бұл қылығы кураторға ұнамай, ашуын тудырады. Бұдан соң мұғалім оған ұрсып, психологқа апарған. Маманмен сөйлескеннен кейін оқушы 11-қабаттан секіріп кеткен.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
-->Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, «Гарри Поттер» тақырыбындағы балға аталмыш мектептің 8-сынып оқушысы әзіл ретінде белдемше киіп келеді. Оның бұл қылығы кураторға ұнамай, ашуын тудырады. Бұдан соң мұғалім оған ұрсып, психологқа апарған. Маманмен сөйлескеннен кейін оқушы 11-қабаттан секіріп кеткен.
“27 қазан күні 8-сынып оқушысы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайтынын хабарлайды”, – делінген хабарламада.