Әртүрлі

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті президенті өмірден өтті

Әмірлан Айдарбекұлы 1957 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы қаласында дүниеге келген. 1979 жылы Ресейдің Мәскеу қаласында жоғары білім алып, Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетін инженер-құрылысшы мамандығыны меңгерді. 1983 жылы ОҚКҒЗИ-де (Мәскеу) «Динамика мен сейсмотұрақтылықтың диссипативті жүйелерінің дискретті-континуальды модельдері» тақырыбында кандидаттық, ал 1994 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

Әмірлан Құсайынов еңбек жолын 1983 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында (АСҚИ) «Құрылыс механикасы» кафедрасының аға ғылыми қызметкері, ассистенті, доценті болып бастады. Әр жылдары «Құрылыс механикасы» кафедрасының меңгерушісі, ҚазБСҚА ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының ректоры, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) президенті болып жұмыс істеді. 2020 жылдан – ҚазБСҚА-ның құрметті президенті.

Әмірлан Құсайынов 1995-1997 жылдары ҚР Министрлер кабинетінде ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Сол жылдары ЮНЕСКО сарапшысы және Еуропалық білім беру қорының кіші тобының төрағасы болып жұмыс істеді.

Профессор сол кездегі Қазақстандағы жоғары білімді реформалаудағы ЖОО-ларды ірілендіру, кредиттік білім беру жүйесі, ЖОО-ларды кредиттік қаржыландырудың жаңа тетігі, Еуразиялық университеттің тұжырымдамасы, Қазақстанда американдық және еуропалық білім беру бағдарламаларын енгізу сынды бірқатар жаңа бағыттардың негізін қалады.

-->