Әртүрлі

Қазақстанның эпидемиолог-дәрігерлеріне көмек ретінде ноутбуктар берілді

Олар 1 700 000 теңге (4 000 АҚШ доллары) көлемінде эпидемиолог-дәрігерлер тобының қызметіне қажетті ноутбук және планшеттерді көмек ретінде тапсырды. Бұл көмек Қазақстанның бүкіл аумағында орналасқан эпидемиолог-дәрігер тобының филиалдарына берілетін болады.

Жиын қонақтарының бірі, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өз кезегінде елшілік өкілдеріне алғыс айтты.

-->

“Эпидемиолог-дәрігер тобымен бірге медициналық қызметкерлер мен еріктілер COVID-19 дағдарысын еңсеруде басты рөл атқарған қаһарман деп айтуға болады. Соңғы уақытта Қазақстанда вирусты жұқтырған адам саны азайып келеді, ол үшін күш салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне алғыс бідіремін. Бұл жолы Елшіліктен берілетін ноутбук сияқты керек-жарақтар қазір бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатқан вақцинация науқаның тиімді басқаруға ықпал етеді деп үміттенемін. Кореяда халықтың 70%-дан астамына вакцина егілді және адамдар жұқпалы аурумен қатар өмір сүріп, күнделікті өміріне қайта оралды. Елшілік осы айда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Корея мәдени фестивалін оффлайн режимде өткізді”, – деді елші Ку Хонг-сок.

Жиын қонақтарының бірі, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өз кезегінде елшілік өкілдеріне алғыс айтты.

“Қиын кезеңде Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек пен рухани қолдау көрсетті. COVID-19 вирусымен күресу үшін ең алдыңғы шепте күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлерге көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін” – деді ол.