Әртүрлі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрінің орынбасарын қабылдады

Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ, пандемияға қарсы күрес шараларына, климаттың өзгеруіне және аймақтық күн тәртібіне қатысты мәселелер сөз болды.

Қазақстан Президенті еліміздің тілеулес досы Михай Варгаға ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға сапары табысты болатынына және екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Ал мажарстандық өкіл кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, қос елдің арасындағы байланыстардың даму қарқыны бәсеңдемегенін айтты. Сондай-ақ, Михай Варга Мажарстан басшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке алдағы уақытта жасайтын сапарын асыға күтіп отырғанын жеткізді.

Мажарстан саясаткері Мемлекетіміздің басшысына пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы бизнес-форумның табысты өткенін айтты. Аталған шара барысында бірқатар маңызды инвестициялық келісімге қол қойылды.

-->