3D-вундеркинд: Ауыл баласы Қазақтелеком компаниясын таңқалдырды
Тимофеевка ауылы Қостанайдан 125 шақырым қашықтықта орналасқан. Талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына дейін бұл жерде интернет мүлде болмаған. 2020 жылы "Қазақтелеком" жергілікті мектепті, медициналық мекемелерді және әкімшілікті "оптикаға" қосып, ауылдың бүкіл аумағын қолжетімді интернетпен қамтамасыз етті. Бұл Тимофеевка ауылының IT-таланттарын ашуға мүмкіндік берді. Интернет пайда болғанға дейін Әли Алигапаров өзінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерін пластилинмен мүсіндеген.
Шалғайдағы ауыл оқушысы жаңа хоббиін интернет арқылы өз бетінше игере бастаған. Ол 3D модельдеу бойынша бейне сабақтар көріп, кейінірек кәсіби дизайнерлер жұмыс істейтін қосымшаны жүктеп алған. Баланың айтуынша, алғашқы кейіпкерлерін жасау барысында біраз қиындықтар болған, алайда бұл қиындықтар оның IT-дизайнға деген қызығушылығын арттырған. Бүгінде ол кез-келген нысанды немесе мультфильм кейіпкерлерінің 3D проекциясын жарты сағат ішінде жандандыра алады.
Әлидің жұмыстары назардан тыс қалған жоқ. "Қазақтелеком" АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетажиев компанияның ауыл әлеуетін одан әрі дамытуға қамқорлық көрсететінін хабарлады. Әлиге ақылы бағдарламаларғ қолжетімді болады. Бұл өз кезегінде IT-индустрияның осы саласындағы барлық жаңалықтармен жедел танысуға мүмкіндік береді.
-->Тимофеевка ауылы Қостанайдан 125 шақырым қашықтықта орналасқан. Талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысына дейін бұл жерде интернет мүлде болмаған. 2020 жылы "Қазақтелеком" жергілікті мектепті, медициналық мекемелерді және әкімшілікті "оптикаға" қосып, ауылдың бүкіл аумағын қолжетімді интернетпен қамтамасыз етті. Бұл Тимофеевка ауылының IT-таланттарын ашуға мүмкіндік берді. Интернет пайда болғанға дейін Әли Алигапаров өзінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерін пластилинмен мүсіндеген.
Шалғайдағы ауыл оқушысы жаңа хоббиін интернет арқылы өз бетінше игере бастаған. Ол 3D модельдеу бойынша бейне сабақтар көріп, кейінірек кәсіби дизайнерлер жұмыс істейтін қосымшаны жүктеп алған. Баланың айтуынша, алғашқы кейіпкерлерін жасау барысында біраз қиындықтар болған, алайда бұл қиындықтар оның IT-дизайнға деген қызығушылығын арттырған. Бүгінде ол кез-келген нысанды немесе мультфильм кейіпкерлерінің 3D проекциясын жарты сағат ішінде жандандыра алады.
"3D-модельдеу бағдарламасында жұмыс істеуді маған ешкім үйреткен жоқ. Алдымен желідегі бейнесабақтарды қарай бастадым. Содан кейін өзіме қолайлы бағдарламаны жүктеп, бірінші фигураны модельдеуге кірістім. Қазір күніне шамамен екі сағатты осы хоббиіме арнаймын. Ал, дайын модельдерді YouTube каналыма жүктеймін. Ондағы жазылушылар саны артып келе жатқандығы қуантады", - деді жас дизайнер.