Қазақ ғылымына африкалық шыбынқұрттарды қоректендіруге тура келіп тұр
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми-технологиялық паркінде дәл қазір 10 мыңнан астам шыбын бар. Бұл шыбындардың шыбын жаны ерекше аяулы.
Бұл ретті 1 келі шыбын дернәсілін өсіру үшін 10-15 келі қорек керек екен. Оңтүстік Америка шыбындары құстың саңғырығын да, тамақ қалдықтарын да, ағаш үгіндісі, бидай кебегі – бәрі-бәрін, талғамай жей береді. Тек табиғи болса болғаны. Ғылымға шыбындардан бұрын олардың дернәсілдері бағалы.
Мысалы 1 келі ақуыз алу үшін шыбын дернәсіліне 400 грамм жүгері кетсе, сиырға 45,3 келі жүгері керек. Ал 1 келі ақуыз алу үшін дернәсілге 5400 литр су кетсе, сиырға 110 мың литр су керек екен. Олар аз қоректен пайдалы көп өнім өндіреді.
Ал биотехнология магистрі Сабыр Темірбаевтың айтуынша, бір түп қиярға 200-300 грамм шыбын дернәсілі қолданылады. «Малдың, тауықтың қиын алатын болсақ, бір түпке 2-3 келі салынады», - дейді ол.
Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, бұл үрдіс әлемнің басқа елдерінде де жүзеге асып жатыр. Енді бізде сол шыбындарды медицинада қолдану қолға алынған. Болашақта косметология саласында да дернәсілге қатысты зерттеу жүргізілмек. Бір қызығы, экологияға да, қалтаға да пайдасы мол бұл жобаны үй жағдайында да жасау оңай көрінеді.
-->Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми-технологиялық паркінде дәл қазір 10 мыңнан астам шыбын бар. Бұл шыбындардың шыбын жаны ерекше аяулы.
«Температурасын 20-27 градуста, ылғалдылығын 50-75 пайызға дейін ұстаймыз. Бұларды Оңтүстік Америкадан алып келген. Біздің шыбындардан өзгешелігі – олар шақпайды және тек сумен қоректенеді», - дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология магистрі Ермек Тауасаров.
Бұл ретті 1 келі шыбын дернәсілін өсіру үшін 10-15 келі қорек керек екен. Оңтүстік Америка шыбындары құстың саңғырығын да, тамақ қалдықтарын да, ағаш үгіндісі, бидай кебегі – бәрі-бәрін, талғамай жей береді. Тек табиғи болса болғаны. Ғылымға шыбындардан бұрын олардың дернәсілдері бағалы.
«Ол өнімнің құрамында 40 пайыз протеин, 30 пайыз белок болады. Қалған пайызы – ең қажетті аминокислоталар», - дейді биотехнолог, PHD докторы Серікхан Айдарханұлы.
Мысалы 1 келі ақуыз алу үшін шыбын дернәсіліне 400 грамм жүгері кетсе, сиырға 45,3 келі жүгері керек. Ал 1 келі ақуыз алу үшін дернәсілге 5400 литр су кетсе, сиырға 110 мың литр су керек екен. Олар аз қоректен пайдалы көп өнім өндіреді.
«Осы өнімді тұтынған құстар, балықтар біріншіден ауырмайды, екіншіден массасын, етін көбірек жинайды, үшіншіден жұмыртқа салуы жиірек болады. Яғни күніне 1 жұмыртқа салатын болса, біздің дернәсілдердің арқасында күніне 2 жұмыртқаға дейін салатын болады», - дейді Серікхан Айдарханұлы.