Әртүрлі

12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Балалар омбудсмені Ақмола облысында өрттің салдарынан қаза тапқан балалардың жақындарына көңіл айтты.

Оның айтуынша, биыл Қазақстанда тіркелген 15 өрттің салдарынан балалар қаза тауып, осы жағдайлардың көпшілігінде олар үйде жалғыз болған.

Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Бұл ретте көмекке мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан берілетін қолдау шараларымен қамтамасыз етілуі қажет, – деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасына.