Қазақстандық ғалымдар мысыққа арналған коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты
Оның айтуынша, NARUVAX-C19 (pets) вакцинасы мысықтарда жан-жақты сыналған, нәтижесінде оның SARS-COV-2 вирусынан қорғауға қабілетті екені анықталған.
Ғалым сонымен қатар жануарларға арналған коронавирустық вакцина құрамы бойынша адамдарға арналған вакцинадан мүлдем өзгеше екенін атап өтті.
Айта кету керек, мысықтарға арналған вакцинаны жасау үшін ҚазҰАУ жанындағы ХМО және ДСМ аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары еңбек еткен. Басқа елдерде де жануарларға арналған COVID-19 вакциналары жасалуда. Мұны ірі фармацевтикалық компаниялар өндіреді.
-->"Rейбір үй жануарлары, атап айтқанда, мысықтар ковид инфекциясын тез жұқтырады және вирустың мутацияға ұшырауына әсерін тигізіп жатады", – дейді Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов.
Оның айтуынша, NARUVAX-C19 (pets) вакцинасы мысықтарда жан-жақты сыналған, нәтижесінде оның SARS-COV-2 вирусынан қорғауға қабілетті екені анықталған.
"Осы вакцинаның көмегімен біз жануарлар әлемін COVID-19-дан қорғай аламыз деп үміттенеміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы ұмтылысымызды қолдайтыны қуантады", – дейді Қайсар Табынов.
Ғалым сонымен қатар жануарларға арналған коронавирустық вакцина құрамы бойынша адамдарға арналған вакцинадан мүлдем өзгеше екенін атап өтті.
"Бұл мүлдем басқа вакцина, атап айтқанда оның адъюванты – антигенге иммундық реакцияны күшейтетін компонент", – дейді ол.