Петропавлдағы бірқатар нысанға алаштықтардың есімі берілетін болды
СҚО мәслихат депутаттарының алдында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Досбол Әбдірисов баяндама жасап, Петропавлдағы бірқатар нысанға Алаш ардақтыларының есімін беруді ұсынды.
Атап айтқанда, №25 жалпы білім беретін орта мектепке – Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның, № 2 орта мектепке – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер, Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы Смағұл Сәдуақасұлының, №9 орта мектепке қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы – Ахмет Байтұрсынұлының есімдерін беру ұсынылды.
Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімімен атау мәселесі көтерілді.
Халық қалаулылары бұл ұсыныстарды бірауыздан қабылдады. Енді облыстық әкімдік жанындағы ономастикалық комиссияның қаулысы мен облыстық мәслихат шешімі республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.
-->СҚО мәслихат депутаттарының алдында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Досбол Әбдірисов баяндама жасап, Петропавлдағы бірқатар нысанға Алаш ардақтыларының есімін беруді ұсынды.