Әртүрлі

Елімізде тұңғыш рет қалқанша безге тіліксіз ота жасалды

Аталмыш отаның Онкологиялық орталықта күнделікті тәжірибеге енуіне ат салысқан – «Sofie Med» клиникасының хирург дәрігері Мухамеджан Нургазиев.

Ота жасалған 49 жастағы науқаста бірнеше жыл бұрын қалқанша безінің үстінде ісік пайда болған. Жыл өткен сайын бұл ісік үлкейіп, науқастың жұтыну мен тыныс алуын қиындата түскен.

Хирургтар ота барысында қалқанша безіндегі ісікті эндовидеохирургиялық әдіспен алды. Дәрігерлердің сөзінше, науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Ол бір-екі күннен кейін ауруханадан шығарылады деп күтілуде.

Мамандар эндовидеохирургиялық әдіспен жасалған оталардың ашық тіліктен қарағанда артықшылығы көп екенін айтады. Операциялардан кейінгі асқынулар өте сирек кездесіп, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерге мұқтаждық болмайды. Ең бастысы, мұндай ота тіліксіз жасалғандықтан науқастың мойында ешқандай тыртық қалмайды.

Дәрігерлер алдағы уақытта мұндай операциялардың үлесін арттыруға ниетті.

-->