Интернеттегі мемдердің пандемия кезіндегі пайдасы анықталды
Санта-Барбарадағы Калифорния университеті мен Пенсильвания университетінің ғалымдары былтырғы желтоқсан айында 18 бен 88 жас аралығындағы 748 адаммен онлайн-сауалнама жүргізіп, мемдарды тамашалау олардың пандемия кезіндегі эмоциясына, іштегі қорқыныш сезіміне және ақпаратты өңдеуге қаншалықты ықпал еткенін зерттеді.
Ғалымдар Imgur және Imgflip секілді сайттардан танымал мемдарды жинап, оларды бірнеше санатқа бөлген: ондағы объект адам болды ма, әлде жануар болды ма; олар жас па, әлде қарт па; мемдағы сурет пандемияға қатысты ма, жоқ па – осының бәрі ескерілді. Зерттеуде күлкілі әрі сүйкімді болып бағаланған мемдар ғана қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, мем көрген адамдарда жағымды эмоциялар көбірек туған. COVID-19 жайлы мемдер тамашалаған адамдарда стресс деңгейі алдындағылардікінен де төмен болды. Сондай-ақ бұл адамдар өздерінің пандемия кезінде стреске төзімді екеніне сенімді болды. Ал сүйкімді мемдер көрген қатысушылар пандемия мен оның салдары жайлы азырақ ойлай бастаған.
-->Санта-Барбарадағы Калифорния университеті мен Пенсильвания университетінің ғалымдары былтырғы желтоқсан айында 18 бен 88 жас аралығындағы 748 адаммен онлайн-сауалнама жүргізіп, мемдарды тамашалау олардың пандемия кезіндегі эмоциясына, іштегі қорқыныш сезіміне және ақпаратты өңдеуге қаншалықты ықпал еткенін зерттеді.