Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға бөлінген қаражатты арнайы комиссия бақылайтын болады
Оның айтуынша, ұлттық жобаларға жұмсалатын бюджет қаражатының басым бөлігі мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері аясында қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен 10 ұлттық жоба тізімі бекітілген болатын.
-->«Естеріңізде болса, 2008-2009 жылдары жаһандық қаржы дағдарысы кезінде Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінген еді. Барлық уақытта да арнаулы комиссия құрылды. Оны әдетте Есеп комитетінің төрағасы басқарып, оның жұмысына барлық құқық қорғау органы, реттеушілер, Қаржы министрлігінің өкілдері қатысты. Мұны қадағалап отыру өте маңызды. Аталған қаржының пайдалануын, тиімді пайдалануын қадағалау маңызды екендігі сөзсіз. Сондықтан бөлінген қаражаттың пайдалануын бақылау жөніндегі мұндай комиссия жылдың соңына дейін құрылады», – деді Қайрат Келімбетов.