Әртүрлі

"Маған ковид жұқтыршы": адамдар екпе алмас үшін ақша төлеп ауыруға әзір

Адам қиялы шексіз ғой. Шексіздігі сонша, кейбір адамдар екпе алмас үшін ақылы түрде коронавирус инфекциясын жұқтыруға дайын. Delfi басылымының тілшісі науқас рөліне еніп, осындай жарнама жариялағандардың біріне хабарласып көрген екен. Сөйтсе жарнама иесі одан шынымен науқас екенін дәлелдейтін құжат сұраған. Сондай-ақ өзімен қоса әріптестері де бұл ауруды жұқтырғысы келетінін айтқан. Өзінің сөзінше, олардың иммунитеті жақсы. Осыған дейін науқас адамдардан жиырма шақты қоңырау алған екен, сондықтан оның таңдау жасағысы келеді. Айтпақшы, ковид жұқтырып, тесттің оң нәтижесін алу үшін ол 100 еуро төлеуге әзір.

Мұғалім болып жұмыс істейтін жарнама беруші жалған сертификат сатып ала алмапты. Мектепте сабақ беріп жүргеніне 32 жыл болған оған жұмысынан не екпе жайлы сертификат, не ауыратыны жөнінде анықтама алып келуді міндеттеген. 

-->