Әртүрлі

Қазақстанда қар барыстарын өсіру орталығы құрылады

Аталмыш орталық Алматыдағы Іле-Алатау ұлттық паркінде жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта қор мен Ұлттық парк арасында ғылыми қызмет туралы келісімшартқа қол қойылған. Орталықты құру жобасы БҰҰДБ, ЮНЕП, сондай-ақ дүниежүзілік жабайы табиғат қорының («WWF») қатысуымен жүзеге асырылады.

«Snow leopard foundation» Қазақстан аумағында орталықты құруға қатысуға тарту мақсатында кавказ қабыланы мен амур жолбарысының популяциясын сақтау және ұлғайту ісінде тәжірибесі бар Ресей тарапымен келіссөздер жүргізді.

Орталықтың жұмысы қар барыстарын зерттеу бойынша алғашқы ғылыми зертхана құруды көздейді. Зертханада ғалымдар үшін арнайы әзірленетін қосымшалары бар жеке деректер қоры болады. Бұл Қазақстандағы қар барыстарының экожүйесін есепке алу және зерттеу нәтижелерін жүйелендіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

-->

«Қытай тарапының ықтимал қатысуына келетін болсақ, Қор белгілі меценат және филантроп Джек Ма қорымен ынтымақтастықты талқылауға ниетті. Қытайлық әріптестерге бірлескен жұмыс перспективаларын одан әрі талқылау үшін қар барыстарын сақтау және өсіру орталығы бойынша презентация жолданды», делінген хабарламада.