Алматылық әйел садақа жәшігін ұрлап кетті
Асхана басшысы полицияға арыз түсірген.
Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдардың бірінікі болған.
Әлгі әйел бұрын осы тәріздес бірнеше қылмыс үшін жауапқа тартылған болып шықты.
-->
Асхана басшысы полицияға арыз түсірген.
“Жедел-іздеу шаралары барысында қаланың 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Әлгі әйел асханаға кіріп, әкімшімен әңгімелесіп тұрғанда қайырымдылыққа арналған қорапты көреді. Өзін ешкім көрмей тұрған сәтті пайдаланып, оны ұрлап кеткен”, – деп қаланың Алмалы ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Владимир Решетниковтің сөзі келтірілген Polisia.kz сайтында.
Садақа жәшігі қайырымдылық ұйымдардың бірінікі болған.
Әлгі әйел бұрын осы тәріздес бірнеше қылмыс үшін жауапқа тартылған болып шықты.