Әртүрлі

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген құстар электр тоғына түсіп өліп жатыр

Сондай-ақ. сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 50 мыңнан астам жыртқыш құс жоғары вольтты электр сымдарына түсіп өледі, бұл популяцияның азаюына әкелуде. 

“Жыртқыш құстар айнала ашық көрінетін орын іздейді, оған әсіресе, биік төбелер ыңғайлы. Сол жерден құстар жемтігін оңай аулайды, маңайды бақылай алады. Сондықтан шөл және дала аймақтарында жоғары вольтты электр желілеріне қонып, электр тоғына түсіп өледі”, – дейді биоалуандықты зерттеу және сақтау орталығының атқарушы директоры Нұрлан Оңғарбаев.

Қазіргі таңда қауіпті желілерде әр 10 км сайын орта есеппен үш құс өледі. Олардың жартысынан көбі – Қызыл кітапқа енген құстар.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешудің ең дұрыс жолы – желілерді диэлектрлік қақпақтар деп аталатын құс қорғайтын құрылғылармен жабдықтау. Олар құстың электр тоғына түсуіне жол бермейді. Бірақ электр желілерін жер астымен жүргізу құс өлімінің алдын алуға толық мүмкіндік береді. Мұндай шешім Қазақстанда "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының құрылысында қолданылған. Мұндай шара әрі арзан, әрі экологиялық тұрғыдан тиімді.

Мұнымен қоса жиында заңнамаға "Құсқа қауіпті конструкция" терминін енгізу ұсынылды. Бұл келешекте жаңадан салынып жатқан ғимараттарда осындай конструкцияларды жобалауға және салуға заңнамалық түрде тыйым салуға, сондай-ақ құс қорғау құрылғылары болмай, қолда бар конструкцияларды пайдалануға заңнамалық түрде тыйым салуға мүмкіндік береді.

Тағы біра йта кетерлік жайт, сарапшылардың пікірінше, жел электр станцияларын қара түске бояу құстардың өлімін 50%-ға төмендетеді. Бірақ құстарды қорғау тұрғысынан ең тиімдісі – вертикалды турбиналар орнату.

-->