Әртүрлі

Елімізде жара мен күйікті емдеуге арналған инновациялық құралдар шығарыла бастады

БҒМ мәліметінше, зерттеу нәтижелері аталған биологиялық материалды қолдану арқылы жараны емдеу үдерісін едәуір тездететінін көрсеткен. Сонымен қатар ол науқастардың ауруханада емделу кезеңін қысқартады.

«Орталық ғалымдары әзірлеген X-Graft жабыны заманауи инженерлік технологиялар көмегімен коллаген және эластин талшықтарынан жасалған. Таңу материалы терең және ұзақ уақыт емделмейтін жараларға арналған. Сонымен қатар трофикалық жараларды уақытша таңу үшін қолданылады. Жабын қолданыста ыңғайлы, дәке таңғышпен салыстырғанда жараның бетіне жабыспайды. Емдік қасиеттері бойынша аталған биологиялық жабын шетелдік аналогтардан кем түспейді және беріктігі жоғары, икемді әрі абсорбцияға ие», – деді ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.

Сондай-ақ Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары терең жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған «Фиброспрей» жасушалық препаратын ойлап тапты. Аэрозоль адамның тері жасушаларының (фибробласттар) суспензиясынан тұрады және жараның сауығу үдерісін екі есе жылдамдатады. Сонымен қатар клиникалық тәжірибеде бұл препарат тері трансплантацияларын тездету үшін қолданылады.

Оған қоса орталық ғалымдары бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын қалпына келтіру технологиясын жасап шыққан. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері бойынша биокомпозитті жасушалық гидрогель жоғары тиімділігін көрсетті. Гидрогельдің құрамындағы бағаналы жасушалар сүйек немесе шеміршек тіндерінің қалпына келу үдерісін тездетеді. Арнайы технологияның арқасында препарат операциядан кейін 3-6 ай ішінде зақымдалған сүйек пен шеміршек тінін қалпына келтіреді.

-->