Елбасы қандай тамақты сүйіп жейді
Қарапайым мұғалім мен автомеханиктің отбасында дүниге келген Бағдат бала кезінде аспаз боламын деп мүлдем ойламаған екен. Актерлікті армандап жүрген баланы бір күні оқыстан ит қауып алады да, өмірі күрт өзгереді:
Жас аспаз Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Маминге ас дайындап берген кезін былайша еске алды.
Бағдат аспаздықты ер адамдардың жұмысы емес дейтіндермен келіспейді.
Аспаздықтың қыр-сырын меңгеру жолында Бағдат біраз тәжірибеден өткен екен.
Бағдат қазір Атырауда мейрамхана ашып жатыр. Болашақта еліміздің үлкен қалаларында жеке мейрамханасын ашуды армандайды.
-->

“Көшеде ойнап жүргенде қаңғыбас ит қауып алды. Қатты қорыққаным соншалықты, сөйлей алмай қалдым. Содан тұтыға бастап, өз-өзіммен тұйықталып, сыныптастарыммен сөйлеспейтін болдым. Осылайша бір минутта өмірім күрт өзгерді. Кейін тіс дәрігері болуды ойлап едім. Онымен 5-6 жыл оқығым келмей, аспаздыққа түсіп кеттім. Не итермелегенін білмеймін, осылайша аспаздыққа бет бұрдым, — дейді Бағдат.
Жас аспаз Нұрсұлтан Назарбаев пен Асқар Маминге ас дайындап берген кезін былайша еске алды.
«Елбасы Mega сауда, ойын-сауық кешені ашылған кезде Алматыға келді. Екі күн бұрын барлық тағамдарды тексеріп, сынама алды. Елбасы балықты, теңіз тағамдарын жақсы көреді. Біз оған сибас балығын жеміс-жидек соусымен дайындап бердік. Елбасыдан бір метрдей жерде тұрғанда, ол сенің тамағыңды жеп жатқанда бойыңды ерекше сезім билейді. Оған тамағымыз ұнады. Сонымен қатар, «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ-ның сол кездегі президенті Асқар Маминмен бірге арнайы пойызбен Қытайға аспаз ретінде барып келдім», – дейді ол.
Бағдат аспаздықты ер адамдардың жұмысы емес дейтіндермен келіспейді.
Әрине, аспаздықты еркектің жұмысы емес дейтіндер болды. Әлі де солай ойлайды. Бірақ мен өмірде өз орнымды таптым деп ойлайымын. Адам сүйікті ісінен ләззат алады ғой. Өзімнің көптеген авторлық тағамдарым бар. Бәрі мақтайды. Тіпті арнайы іздеп келетіндер де бар. Сонымен қатар, ата-анам менің әрбір жетістігіме марқайып отырады, мен үшін сол маңызды, — дейді жас аспаз.
Аспаздықтың қыр-сырын меңгеру жолында Бағдат біраз тәжірибеден өткен екен.
“Басында аспаздың көмекшісі болдым. Бас аспаздың ұлты ұйғыр. Ол мені жақсылап үйретті. Аспаздықты жаңадан бастайтындарға айтарым — ең бірінші қасапшылықты игеріңіздер. Өйткені бас аспаз алдына келген етті ажырата білуі керек. Ет пен сүйектің қосылған жерін біліп, еттің жұмсағын бөліп алып, сүйектерін әдемілеп шығарған жөн. Осы жерде кәуап пісіруді үйрендім. Ол да бір кәсіп. Бірақ бәрібір бір нәрсе жетпейтін секілді. Білімімді жетілдіріп, өз-өзімді дамыту үшін Дубайға барып, аспаздық оқуды жалғастырдым. Әлі есімде, мені мейрамханаға тағылымдамаға жіберді. Ол жерде өз ісінің шеберлері жұмыс істейді. Өздері қу. Біреуі келіп, 1 келі күріштің ішінде неше түйір болатынын санауды тапсырды. Мен 5 минуттай санап тұрдым. Кейін бәрі күлген кезде, мұның әзіл екенін түсіндім. Бір күні 1 келі ұнды төртбұрыштап турауды тапсырды. Сосын макаронды үргізіп қойды. Осындай әзілдері бар, оған ренжіген емеспін”, – дейді ол.
Бағдат қазір Атырауда мейрамхана ашып жатыр. Болашақта еліміздің үлкен қалаларында жеке мейрамханасын ашуды армандайды.