Биыл теміржол көлігімен 190 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Қаңтар-қыркүйек айларында тас көмір тиеу 5,2% өсіп, 76,6 млн тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушыларға 53,6 млн тоннадан астам қатты отын жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% өсті. Экспортқа 23 млн тонна жөнелтілді. Астық тиеу 6,4 млн тоннаны құраса, оның ішінде экспортқа 4,8 млн тоннасы жөнелтілген.
Есепті кезеңде өткен жылға қарағанда мұнай өнімдерін тиеу 7,2% (13 млн тоннаға дейін), темір кені мен марганецті тиеу – 3,2%, яғни 20,8 млн тоннаға дейін өсіп отыр.
11,9 млн тонна құрылыс жүктері, 3,6 млн тонна қара металдар, 2,9 млн тонна химиялық тыңайтқыштар, 16,8 млн тонна түсті кен мен күкірт шикізаты тасымалданды.
Жүк айналымы 2,6% өсіп, 176,4 млрд тонна-км құрады.
-->Қаңтар-қыркүйек айларында тас көмір тиеу 5,2% өсіп, 76,6 млн тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушыларға 53,6 млн тоннадан астам қатты отын жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% өсті. Экспортқа 23 млн тонна жөнелтілді. Астық тиеу 6,4 млн тоннаны құраса, оның ішінде экспортқа 4,8 млн тоннасы жөнелтілген.