Әртүрлі

Елімізде ит-мысық пен тышқан етін жеуге тыйым салынбақ

Қазір Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Заң қабылданса, жануарларға зорлық-зомбылық жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

-->

Қазір Мәжілісте «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Заң қабылданса, жануарларға зорлық-зомбылық жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

«Қылмыстық кодекстің жануарлардың өліміне байланысты санкциялары 200 АЕК-ке дейін айыппұл салып немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуға күшейтілді. Бұл жағдай бойынша екі немесе одан да көп қылмыс жасағандар 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады», – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев.