Азық-түлікті өзі түгендейтін ақылды тоңазытқыш құрастырылып жатыр
Бәсекелестерінен бір айырмашылығы, Amazon-ның жоспардағы жаңа құрылғысы азық-түлікті жүйеде тіркеуді немесе белгілеуді қажет етпейді. Тоңазытқыштың ішінде қазіргі күндері Amazon Go кассасыз супермаркеттерінде жұмыс істеп тұрған нейрожелімен басқарылатын бейнекамералар орнатылған, соның көмегімен сөреде не жатқанын тоңазытқыштың өзі-ақ “түсініп” алады.
Осы ақпаратты пайдалана отырып тоңазытқыш азық-түліктің жарамдылық мерзімін бақылап, мерзімі өткелі жатса, бұл туралы иесіне хабар бере алады. Сондай-ақ ақылды тоңазытқыш өз ішіндегі азық-түліктен қандай тамақ жасап шығаруға болатынын да “айтып” немесе керекті азық-түлікті Amazon Fresh және Whole Foods дүкендерінен тапсырыс беруге көмектеседі. Мұнымен қатар құрылғы тауарлардың көп қолданылу статистикасын жинап, қожайынының талғамын түсініп, соған сай тамақ түрлерін ұсынуға қабілетті.
TechCrunch дерегінше, Amazon тоңазытқышты нөлден бастап құрастырмайды, оның орнына компания нарықтағы тұрмыстық техника өндірушілердің бірімен серіктестік орнатып, дайын модельді өз технологиясымен жабдықтайтын болады. Бұл технологиялардың ішінде Alexa атты дыбыстық көмекшілері де бар.
Amazon бұл тоңазытқышты жасауға жылына 50 млн АҚШ долларын жұмсап жатыр, алайда оның нарыққа шығар-шықпасы белгісіз. Шыққан күннің өзінде бұл тоңазытқыштар өте қымбатқа сатылады.
-->Бәсекелестерінен бір айырмашылығы, Amazon-ның жоспардағы жаңа құрылғысы азық-түлікті жүйеде тіркеуді немесе белгілеуді қажет етпейді. Тоңазытқыштың ішінде қазіргі күндері Amazon Go кассасыз супермаркеттерінде жұмыс істеп тұрған нейрожелімен басқарылатын бейнекамералар орнатылған, соның көмегімен сөреде не жатқанын тоңазытқыштың өзі-ақ “түсініп” алады.