Жыл басынан бері 56 киік браконьерлердің қолынан өлді
Ведомство өкілінің айтуынша қабылданып жатқан шараларға, браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдауына қарамастан, браконьерлік фактілері тыйылмай отыр.
«Браконьерлікті анықтау және оның жолын кесу жұмыстарын күшейту мақсатында жыл сайын біздің министрліктің, ІІМ мен ҰҚК-нің бірлескен бұйрығымен көктемгі және қысқы кезеңдерде «Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу жоспары бекітіледі. Осы науқан аясында алдын алу іс-шаралары жандандырылып, киік браконьерлігіне, олардың дериваттарын және Қазақстан аумағындағы жабайы фаунаның басқа да түрлерін өткізуге және сатып алуға маманданған бірқатар қылмыстық топтың жолы кесілді. Жыл басынан бері инспекторлар киік браконьерлігінің 56 фактісін анықтады, 4077 мүйіз бен 141 киіктің ұшасын тәркіледі», - деді Д. Тұрғамбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ведомство өкілінің айтуынша қабылданып жатқан шараларға, браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдауына қарамастан, браконьерлік фактілері тыйылмай отыр.
«Киіктерді сақтау мақсатында 2020 жылы ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын республиканың бүкіл аумағында пайдалануға тыйым салынды. Қазіргі уақытта Орал популяциясының киіктерін сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Жәнібек, Бөкей Орда және Жаңақала аудандарының аумақтарын қамтитын «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарының аумағында республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру жобасы әзірленді», - дейді Д. Тұрғамбаев.