Әртүрлі

2029 жылға дейін елімізде 369 электровоз жасалады

Alstom компаниясы Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде елімізде оның 7 өндірістік нысаны бар. Оның екеуі – Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоз жасаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын Электровоз құрастыру зауыты және Алматыдағы бағыттамалық жетек жасаумен айналысатын “ҚазЭлектроПривод” кәсіпорны болса, қалғаны – техникалық қызмет көрсететін үш депо, бір сервистік орталық және әкімшілік кеңсе.

Оның айтуынша, осыдан 9 жыл бұрын зауытта локализациялау деңгейі 4 пайызды құраған, қазір оның көрсеткіші 30 пайызға жеткен. Былтырдан бері Электровоз құрастыру зауытында тартымдық трансформатор шығарыла бастапты. Кәсіпорын басшылары локализациялау деңгейін енді 40 пайызға жеткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар биыл жазда зауыт толығымен Қазақстанда құрастырылған алғашқы жолаушылар локомотивін жасап шығарды.
 
-->

“Биыл зауытта жаңадан 150 жұмыс орны ашылады. Ұзақмерзімді ынтымақтастық келісімі аясында алдағы уақытта 369 электровоз шығаруды жоспарлап отырмыз, оның 260-сы – жүк, 119-ы – жолаушы пойыздарының локомотивтері. Сонымен қатар электровоздарды экспортқа шығарумен айналысамыз. 40 жүк электровозын Әзербайжанға экспорттау көзделген болса, қазіргі таңда соның 24-і жөнелтілді. Машина 9 мың тоннаны тарта алады, электровоз кабинасы локомотив бригадасы үшін жайлы етіп жасалған”, – деді Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша атқарушы директоры Гийом Триттер.