Қазақстан әскерлерін қорытынды тексеру басталды
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кезең қазан айының соңына дейін жалғасады. Қорытынды тексерудің мақсаты – әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және жауынгерлік оқу-жаттығу қызметін ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін, әдістерін жетілдіруде іс жүзінде қолдау көрсету.
Бас штабтың, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің және әскер тектері қолбасшыларының, әскери бөлімдер командирлерінің комиссиялары 400-ден астам құрама мен бөлімді тексереді. Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру және дайындықтың басқа да түрлерін қамтитын жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерінен, сол сияқты машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, әскери топография бойынша сынақтар тапсырады.
Қорытынды тексеру нәтижелеріне қарай әрбір әскери қызметші жеке-жеке бағаланатын болады. Сондай-ақ әскери бөлімдер де бағаланады.
-->Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кезең қазан айының соңына дейін жалғасады. Қорытынды тексерудің мақсаты – әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және жауынгерлік оқу-жаттығу қызметін ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін, әдістерін жетілдіруде іс жүзінде қолдау көрсету.