Ақмола облысының бірқатар аймағына қар жауып тұр
Алғашқы қар Зеренді және Бурабай аудандары аумағына да түсті. Қар еріп, шалшық болған соң, жолдар мен көшелерде көлік кептелістері пайда болып отыр. Ондағы тұрғындар да әлеуметтік желіде алғашқы қардың суреттерін бөлісіп жатыр. Тіпті кейбір өңірлерде қарлы бұрқасын болып тұр.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Синоптиктер 29-30 қыркүйекте түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болатын ескертуде. Облыстың солтүстік-батысына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соқса, облыстың солтүстік-батысында оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус салқын, күндіз 2-7 градус жылы болады.
-->«Макинскі қаласына алғашқы қар түсті. Бүгін түске қарай басталған қар әлі толассыз жауып тұр. Осының салдарынан қаланы қар басып, тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады», - дейді қала тұрғыны Берлан Ырыс.
Алғашқы қар Зеренді және Бурабай аудандары аумағына да түсті. Қар еріп, шалшық болған соң, жолдар мен көшелерде көлік кептелістері пайда болып отыр. Ондағы тұрғындар да әлеуметтік желіде алғашқы қардың суреттерін бөлісіп жатыр. Тіпті кейбір өңірлерде қарлы бұрқасын болып тұр.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын болады.
«Бүгін Макинскіде қар аралас жаңбыр басталды. Бірақ қар көп жатпай еріп кетеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін», - деді Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» РМК метеожағдай бөлімінің бастығы Даниель Жұмажанов.