«Үздік педагог» атағына 173 мұғалім үміткер - БҒМ
Ауқымды байқауға қатысушылар арасында 132 мектепке дейінгі және орта білім беру, 41 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогтері бар. Олардың барлығы аудандық, қалалық және облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ұсынылды.
Республикалық конкурстық комиссияның қазылар алқасының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері және тағы басқалар кірді.
Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде конкурс аясында 500-ге жуық мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогі марапатталды.
«Үздік педагог» атағының иегерлері төсбелгі мен 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы алады.
-->Ауқымды байқауға қатысушылар арасында 132 мектепке дейінгі және орта білім беру, 41 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының педагогтері бар. Олардың барлығы аудандық, қалалық және облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ұсынылды.
«Былтырдан бастап конкурсқа қатысу үшін өтінімдер, материалдар электрондық форматта қабылданады. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар мұғалімдер үміткер бола алады. Конкурс шеңберінде педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі, педагог қызметінің нәтижелілігі және оның кәсіби шеберлігі ескерілетін болады», — деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.