Пандемия еліміздің еңбек нарығын түбегейлі өзгертті – ҚазАТУ профессоры
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіруге бағытталған бұл онлайн іс-шара қатысушылары аталмыш құжатта айтылған міндеттер мен тапсырмалардың маңызына тоқталды.
Оның айтуынша, пандемия еліміздің еңбек нарығын түбегейлі өзгертті.
-->
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын түсіндіруге бағытталған бұл онлайн іс-шара қатысушылары аталмыш құжатта айтылған міндеттер мен тапсырмалардың маңызына тоқталды.
«Қазір әлем қиын шақты бастан кешіріп отыр. Мемлекеттер өздерінің пандемиядан кейінгі қадамдарын алдын-ала анықтап, жетілдіру керек салаларына баса назар аударуда. Биылғы жолдаудың бір ерекшелігі сол, онда біздің елдің пандемиядан кейінгі кезеңдегі дамуының негізгі бағыттары көрініс тапты. Еліміздің экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы проблемалары айқындалып, оны өзгертудің жолдары ұсынылды. Соның ішінде әсіресе білім саласын жақсарту үшін қабылдануы керек шаралардың маңызын біздер, яғни ұстаздар қауымы жақсы түсінеміз», – деді ҚазАТУ тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ғалия Алпысбаева.
Оның айтуынша, пандемия еліміздің еңбек нарығын түбегейлі өзгертті.
«Пандемия кезінде көптеген ұйым қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл жайт бізге едәуір сынақ мерзімі болған сияқты. Өйткені онлайн режимде жұмыс істеу біздің елдің ақпараттандыру және цифрландыру деңгейінің жай-күйін көрсетіп берді. Енді алдағы уақытта осы саладағы олқы тұстарымызды дұрыстап, қай бағытта көбірек жұмыс істеу керегін түсіне бастағанымыз жөн. Жолдауда осы тұстарға ерекше назар аударылған», – деп атап өтті профессор.