Әртүрлі

Ақын Рафаэль Ниязбек қайтыс болды

Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдады. 1967 жылы Қазақ радиосының әдебиет редакциясына қызметке орналасты. 1971-1977 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болған.

Ол – Шешен Респуликасының ең жоғары Мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік және Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтардың лауреаты.

«Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым», «Жетіген», «Тамұқ отына жанбаған», «Шешендер», «Ичкерия» атты жыр кітаптары жарық көрді.

-->