1 маусымда «Әншуақ» балалар әндері фестивалінің жеңімпаздары анықталады
Биыл елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтуде, деп хабарлады Elorda.info.
1 ақпаннан бастап #ӘНШУАҚ хэштегімен 13 мыңнан астам бейне жарияланым және 12 миллионға жуық қаралым жиналды.
Республикалық қазылар алқасы қазақ тіліндегі ең танымал 20 балалар әнін анықтады: «Отан», «Ұстазым», «Аяулы ана», «Оқып, біліп үйренеміз» «Мен қазақтың қызымын», «Ана деп ән саламын», «Біз Отанның ұланымыз», «Тәуелсіз ел ұраны», «Ата-әже», «Бірлігіміз жарасқандай», «Керек бізге тыныштық», «Үш бақытым», «Бірліктің туы», «Тәтті», «Қазақстаным», «Туған ел» «Домбыра», «Алақай», «Егемен ел – Қазақстан», «Ертегілер».
Айта кету керек, 1 маусымда еліміздің әр өңірінде Open Air форматында концерттер өткізіліп, осы танымал әндер орындалады.
-->1 ақпаннан бастап #ӘНШУАҚ хэштегімен 13 мыңнан астам бейне жарияланым және 12 миллионға жуық қаралым жиналды.
Фестиваль аясында еліміздің барлық өңірлерінде танымал композиторлармен кездесулер өткізілуде. Мұнда жас орындаушылар өз идеяларымен бөлісуге, шығармашылық процестің құпияларын білуге, кәсіпқойлардың жетекшілігімен шыңдалуға мүмкіндік алады, - дейді «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Раиса Шер.