Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңге зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды.
1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312 мың адам. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
-->Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды.