Әлеумет

Жыл басынан бері 5 мыңнан астам жұмысшының құқығы бұзылған

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

-->

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 529 млн теңге төленді, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.