Жыл басынан бері 15 мыңдай адам саусақ ізін тапсырды – министрлік
Осы жылдың басынан бері 15 мыңдай адам саусақ ізін тапсырған. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері сегіз мыңға жуық шетелдік міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өткен. Сонымен қатар құжаттарды әзірлеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден жеті мыңнан астам қазақстандық ерікті түрде өтіпті.
Ал міндетті дактилоскопиялық тіркеуге 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сәйкес шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың міндетті дактилоскопиялық тіркеуден бас тартуы Қазақстан Республикасы аумағынан шығару түріндегі жазаны көздейді.
Бұл рәсім адамның мүдделерін қорғау және оның заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Егер адам құжаттарын жоғалтып алса, саусақ ізін тіркеу оларды қысқа мерзімде қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар оның көмегімен жеке тұлғаны тез арада анықтау мүмкіндігі бар. Мысалы, оның тиімділігін есте сақтау қабілеті нашар немесе есінен танып қалған азаматты тану кезінде байқауға болады.
Қазақстан азаматтарының дактилоскопиялық деректері мемлекет тарапынан қорғалады.
-->Жыл басынан бері сегіз мыңға жуық шетелдік міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өткен. Сонымен қатар құжаттарды әзірлеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден жеті мыңнан астам қазақстандық ерікті түрде өтіпті.
Саусақ ізін тіркеу – бұл саусақтардың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат алу. Мұндай тіркеу халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. Дактилоскопиялық тіркеуден 16 жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ құжаттарын ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өз еркімен өте алады, - делінген хабарламада.